Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

Балаларға арналған алма бағы

20.05
Балаларға арналған алма бағы

ҚР Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы, атап айтқанда, ел аумағын көгалдандыру процесіне бастамашылық ету жөніндегі құжаттың жетінші бағыты аясында, 2021 жыл "ҚазМұнайГаз"компанияларының бүкіл тобы бойынша экология жылы болып жарияланды. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспарында, ел өңірлерінің елді мекендерін көгалдандыру көзделген. Осылайша, "Урал ойл энд газ" ЖШС еншілес компаниясының қызметкерлері, өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыратын аумағында, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданын көгалдандыруға қатысты.

"Урал Ойл энд Газ" ЖШС Батыс Қазақстан облысында орналасқан әкімшілік қарым-қатынаста Федоров блогында жұмыс істейтінін айта кетейік. Жобаның акционерлері: "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, “MOL Group” және "Бірінші халықаралық мұнай компаниясы" (Sinopec Қытай мұнай-газ компаниясының еншілес компаниясы). Федоров учаскесіндегі геологиялық барлау жұмыстары 2000 жылы басталды. Рожков мұнай-газ конденсаты кен орны 2008 жылы ашылды. Әкімшілік қатынаста "Рожковское" учаскесі Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында, Орал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде, Орал өзенінің оң жағалауында орналасқан.

"Урал Ойл энд Газ" компаниясының басшылығы білім беру ұйымының әкімшілігімен келісім бойынша "школа-ясли-детский сад" Январцев кешенінің аумағында балалар оқу жылы бойы тұратын түрлі сұрыптағы алма ағаштарын отырғызу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, бақша үшін суаруды қамтамасыз ету үшін, тамшылатып суару жүйесі бар суару сорғысы сатып алынып, орнатылды. Жақында "Урал Ойл энд Газ" ЖШС ұжымы алма ағаштарының алғашқы көшеттерін отырғызды.

"Урал Ойл энд Газ" ЖШС ұжымы мектеп әкімшілігіне көгалдандыруға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді және жақын арада алма ағаштары тамыр алып, балалардың қуанышына жеміс береді деп үміттенеді.

Тізімге оралу