Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

Дүниежүзілік қоршаған орта күніне арналған іс-шара

05.06
Дүниежүзілік қоршаған орта күніне арналған іс-шара

05.06.2022 жылы болған Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында "Урал Ойл энд Газ" ЖШС компаниясында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ қызметімен компания қызметкерлері үшін "Су тапшылығы – біздің заманымыздың ең үлкен проблемаларының бірі" тақырыбында семинар өткізілді, осы семинарда жер бетіндегі су тапшылығының, судың ластануының негізгі проблемалары, сондай-ақ суды ұтымды пайдалану шаралары көрсетілді. Су тапшылығы мәселесін шешу-тұрақты дамудың мәні.

            Сонымен қатар, "Урал Ойл энд Газ" ЖШС компаниясы қаланың санитарлық - экологиялық жағдайын жақсарту және жергілікті тұрғындар арасында қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін арттыру мақсатында қалаға пластикалық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді сыйға тартты. Бүгінгі таңда адамзат табиғатқа қандай зиян келтіретіні және оған қалай көмектесе алатындығы туралы бәрі ойлайды: істен шыққан батарейканы урнаға тастамаңыз, жанып кеткен люминесцентті шамды қайта өңдеуге апарыңыз немесе жай ғана жарықты сөндіріңіз.

Тізімге оралу