Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

Экологиялық конференция

03.06
Экологиялық конференция

2022 жылғы 3 маусымда Ақтау қаласында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен "Тұрақты даму үшін жауапты бизнес" тақырыбында еліміздің 180-нен астам өнеркәсіптік кәсіпорындары мен халықаралық ұйымдарының экологтарының қатысуымен конференция өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар энергия тиімділігін арттыру және қоршаған ортаға жүктемені азайту үшін озық технологиялық шешімдермен, сондай-ақ "жасыл" жобаларды іске асыру есебінен көміртегі ізін өтеу бойынша қолда бар мүмкіндіктермен танысты.

Сонымен қатар, конференция барысында түрлі кәсіпорындардың экологтарын марапаттау рәсімі өтті. "Экологияға қосқан үлесі үшін" төсбелгілерімен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен "ҚазМұнайГаз" компаниялар тобының экологтары марапатталды, олардың ішінде "Урал Ойл энд Газ" ЖШС қызметкері - Тулегенова Индира Сериковна (ЕҚ, ҚОҚ және ҚТ қызметінің аға инженері), оның тұрақты дамуына қосқан үлесі "Экология саласының үздігі"медалімен марапатталды.

Марапаттарды табыстай отырып, экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешев барлық мамандарға қоршаған ортаны қорғауға жауапты қарым-қатынасы үшін алғыс айтты.

Тізімге оралу