«Урал Ойл энд Газ» ЖШС әкімшілік қатынаста Батыс Қазақстан облысында орналасқан Федоров блогы шегінде жұмыстар жүргізеді.
Жобаның акционерлері : «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, MOL Group және First International Oil Company (қытайлық Sinopec мұнай-газ компаниясының еншілес компаниясы).
Федоров блогындағы геологиялық барлау жұмыстары 2000-шы жылы басталды. Тектоникалық тұрғыдан Федоров блогы, Каспий ойпатының солтүстік бөлігінде, ойпаттың Еділ-Жайық антиклизімен түйіскен аймағында шектелген.
2008 жылы блок ішінде «Рожковское» мұнай-газ және конденсат кен орны табылды. «Рожковское» кен орны әкімшілік қатынаста Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданының шегінде, Оралдан солтүстік-шығысқа қарай 70 км. жерде орналасқан. «Рожковское» кен орны Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан, лицензиялық блоктың аумағында елді мекендер - Чеботарево, Петрово, Хамино ауылдары орналасқан. Кен аумағының негізгі бөлігін ауыл-шаруашылық жерлері алып жатыр, ормандар мен бұталар жамылғысы, өзен аңғарлары мен жасанды орман екпелерімен шектелген. Жол желісі тас жолдар, топырақ, ауылдық жолдар және елді мекендер арасында байланыс болатын магистральдар жүйесінен тұрады.
Кен орны жайластыру және пайдалануға беруге дайындық сатысында.