«Орал Ойл энд Газ» ЖШС (бұдан әрі-Серіктестік) 2020 жылғы 3 желтоқсанда басталған Батыс Қазақстан облысының Федоров блогы шегіндегі Рожков кен орнының бес пайдалану ұңғымасын қайта іске қосу бағдарламасы 2021 жылғы 8 қыркүйекте сәтті аяқталғанын хабарлайды. Ұңғымаларда қажетті зерттеулер кешені орындалды, ұңғыма ішіндегі жабдықтар түсірілді, ұңғымалардың сағаларында ұңғымаларды кейіннен пайдалануға беру үшін фонтандық арматура орнатылды. Өндірістік операцияларды орындау кезінде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша барлық талаптар сақталды.
Серіктестік сондай-ақ 2021 жылғы 15 қыркүйекте серіктестіктің жалғыз қатысушысы Ural Group Limited Директорлар кеңесінің кезекті бетпе-бет отырысы өткенін хабарлайды. Отырыс барысында директорлар Кеңесі жобаны одан әрі дамытуға қатысты түпкілікті инвестициялық шешім қабылдады. Осылайша, Серіктестік кен орнын және оның инфрақұрылымын одан әрі пайдалану үшін қажетті операцияларды бастауды жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Серіктестік ҚР Энергетика министрлігімен 2040 жылдың 2 сәуіріне дейін жасалған Рожковское кен орнында газ және конденсат өндіру Келісімшарты аясында өз қызметін жүзеге асырады.
АНЫҚТАМА: «Урал Ойл энд Газ» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, MOL Group және «First International Oil Corparation Limited» (Sinopec Қытай мұнай-газ компаниясының еншілес компаниясы) қатысуымен бірлескен кәсіпорын болып табылады.