Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

2024 жылғы 22 мамырда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Аманғалиұлы Брекешевтің "Урал Ойл энд Газ"ЖШС-не жұмыс сапары өтті.

22.05
2024 жылғы 22 мамырда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Аманғалиұлы Брекешевтің "Урал Ойл энд Газ"ЖШС-не жұмыс сапары өтті.

2024 жылғы 22 мамырда "Урал Ойл энд Газ" ЖШС-не "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Аманғалиұлы Брекешев жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Серікқали Аманғалиұлы "Урал Ойл энд Газ" ЖШС ұжымымен кездесті, одан әрі "Урал Ойл энд Газ"ЖШС басшылығымен бірге Рожков кен орнына сапар жасалды. Құрылыс алаңын тексеру кезінде Рожков кен орнын жайластыру және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ жобалау және құрылыс кезеңінде қабылданатын барлық технологиялық шешімдер оң бағаланды.

Бұдан басқа, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Аманғалиұлы бұрын белгіленген мерзімдерге (2024 жылғы маусым айының соңы-шілде айының басы) сәйкес қосымша ұңғымаларды (У – 10, У -12) қосудың маңыздылығын атап өтті.

Тізімге оралу