2025 жылғы 1 шілдеден бастап «Урал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымына мұнай-газ саласында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман — Ақжолов Абилсейт Қожагалиевич тағайындалды.
Абилсейт Ақжолов кәсіби жолын мұнай-газ өндіру операторы қызметінен бастап, еліміздің жетекші мұнай-газ компанияларында басшылық қызметтерді атқарды. Оның кәсіби тәжірибесі өндіру және барлау бұрғылауынан бастап кен орындарын игеру, жобаларды, сатып алулар мен техникалық операцияларды басқару салаларын қамтиды.
Ол әр жылдары «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-да техникалық кеңесші, геология және кен орындарын игеру басқармасының бастығы, бұрғылау және ҰКЖ департаментінің директоры, сондай-ақ бас директордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, салалық жоғары оқу орындарында ұстаздық қызметпен де айналысқан.
Абилсейт Ақжолов – мұнай-газ саласындағы кең көлемді академиялық және кәсіби дайындыққа ие маман. Ол К.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша техника және технология магистрі дәрежесін алған. Сондай-ақ Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» және «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» бағыттары бойынша тәмамдаған. Біліктілігін арттыру аясында АҚШ, Венгрия және Қазақстанда түрлі оқу бағдарламаларына қатысып, ұңғыманы басқару бойынша IWCF халықаралық сертификатын иеленген.
Жоғары кәсіби жетістіктері үшін ҚР Энергетика министрлігі мен Геология комитетінің Құрмет грамоталарымен және мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ «Рожковское» кен орнын іске қосудағы еңбегі үшін компания акционерлерінің алғысына ие болды.
Абилсейт Ақжоловтың тағайындалуы –компанияның өндірістік бағытын күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Оның кәсіби біліктілігі мен саланы терең меңгеруі компанияның операциялық қызметін тиімді басқаруға және негізгі жобаларды сәтті жүзеге асыруға септігін тигізетіні сөзсіз.