2025 жылғы 29 қазанда компанияда өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниялар тобында 2025-2027 жылдарға арналған қызметкердің отбасылары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шара қауіпсіз өндіріс мәдениетін нығайтуға және отбасы мүшелерінің қатысуы арқылы қауіпсіз жұмыс тәжірибесін насихаттауға бағытталған. Кездесу барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытқан қызметкерлердің отбасы мүшелеріне бас директордың алғыс хаттары табысталды.