«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқама Төрағасы А. Хасенов 50 еншілес және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардың басшыларымен кеңейтілген кеңес өткізген болатын. Онда компанияның 2024 жылғы жұмыстары қорытындыланып, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының стратегиясына сәйкес 2025-2027 жылдарға арналған негізгі міндеттер белгіленді.
Кеңеске «Урал Ойл энд Газ» ЖШС бас директоры да қатысып, компания қызметінің 2024 жылғы нәтижелері туралы есеп берді және 2025–2027 жылдарға арналған жоспарларға тоқталып өтті.
2025-2027 жылдарға арналған стратегиялық даму аясында «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-не келесі міндеттер қойылды:
Бұл мақсаттарға тек әр қызметкердің белсенді қатысуының арқасында жетуге болады. Ұжымның үйлесімді жұмысы қойылған міндеттерді тиімді орындауға және компанияның саладағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. «Урал Ойл энд Газ» ЖШС одан әрі даму арқылы «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы мен ел экономикасының табысына елеулі үлес қосуды жалғастыратын болады.