Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің "Бірге-Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының тапсырмасын орындау аясында "Урал Ойл энд Газ" ЖШС сенбіліктер өткізді:
Сенбіліктер аясында трасса мен қала аумағын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Бұл экологиялық акцияның мақсаты-тұрғындарды демалыс орындарын таза ұстауға ынталандыру, олар тұратын аумақты көркейту, сондай-ақ болашақ ұрпақ үшін салауатты өмір салтын насихаттау.
Біздің Компания Еңбек және экологиялық мәдениетті және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қолдау үшін өткізілетін экологиялық акциялар мен іс-шараларға белсенді қатысады.