Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

Энергетика вице-министрі К.Б. Арымбектің Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

26.03
Энергетика вице-министрі К.Б. Арымбектің Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

2025 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Сапар барысында өңірдің мұнай-газ саласын дамытудағы басты мәселелер қаралып, барлау жобалары бойынша есептер тыңдалды, сондай-ақ оларды әрі қарай жүзеге асыру перспективалары талқыланды. Қ.Б. Арымбек аталған сапар аясында «Урал Ойл энд Газ» ЖШС басшылығымен жұмыс кеңесін өткізді. Онда компания қызметінің өзекті көрсеткіштері таныстырылып, сондай-ақ стратегиялық даму жоспарлары, кен орындарын игерудің тиімділігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу мәселелері қозғалды. Кездесу конструктивті форматта өтіп, алдағы бірлескен жұмыс бағыттары айқындалды.

Сонымен қатар, вице-министр өндірістік нысандарды аралап, компанияның технологиялық процестерімен танысты.

Анықтама ретінде: 2025 жылы газ өндіру көлемі 526,5 млн м³, ал конденсат өндірісі 351 мың тонна деңгейінде болжануда. Компания қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. «Урал Ойл энд Газ» ЖШС құрылған сәттен бастап жазатайым оқиғаларсыз өткен жұмыс сағаты 3 243 737 сағатты құрады. Ал 2025 жылы «Рожковское» кен орнын игеру барысында айыппұлдар мен ескертулер тіркелген жоқ.

Өндірістік нысандарда U-23 және U-26 ұңғымаларында жалпы құрылыс және құбырларды монтаждау жұмыстары аяқталып,  абаттандыру және автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Негізгі кезеңдерді 2025 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланған. Ұзақ мерзімді жоспар аясында U-22, U-24, U-25 үш ұңғымасын консервациядан шығару және оларды толық игеру көзделіп отыр. Бұл жұмыстар 2026 жылдың желтоқсанында аяқталып, нысандар пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Тізімге оралу