"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниялар тобындағы Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес "Жол қозғалысы қауіпсіздігі" тақырыбында "Урал Ойл энд Газ" ЖШС қызметкерлерінің балалары арасында шығармашылық конкурс өткізілді.
Конкурстың мақсаты: үлкен және мектеп жасына дейінгі балаларда жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша білімді насихаттау, қауіпсіздік мәдениетін тәрбиелеу.
Байқауға екі жас санатындағы балалар қатысты: 1) 5 жастан 12 жасқа дейін; 2) 13 жастан 16 жасқа дейін.
Байқау барысында балалар байқау тақырыбына сәйкес өз қатысуымен бейнероликтер түсіріп, жіберді.
Қатысқан бейнероликтердің ішінен жас санаттарының әрқайсысында үздік 5 таңдалды.
Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Байқаудың қалған қатысушылары да назардан тыс қалмады, олар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.