7 наурыз күні "Орал Ойл энд Газ" ЖШС-де қызметкерлерді Халықаралық әйелдер күнімен салтанатты құттықтау рәсімі өтті. Компания басшылығы әйелдер ұжымына терең ризашылығын білдіріп, сондай-ақ, кәсібилігі мен адалдығына және кәсіпорынның дамуына қосқан елеулі үлестерін атап өтті.
Осы мереке күні барлық қызметкерлерге гүлдер мен естелік сыйлықтар табысталды. Компания басшылығы оларға зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс және сарқылмас шабыт тіледі.
"Орал Ойл энд Газ" ЖШС өз қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайларын жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған корпоративтік мәдениет қағидаларын үнемі ұстанады. Барша әйелдер қауымын осы әсем мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, шексіз бақыт, үйлесімділік және мол игілік тілейміз!