«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы А.Хасенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Рожковское» кен орнын игерумен айналысатын «Урал Ойл энд Газ» ЖШС қызметіне арналған кеңес өткізді.
Компания басшысы А.Имандосов 11 айдағы негізгі өндірістік көрсеткіштерді баяндап, жыл қорытындысы бойынша болжамды мәліметтерді ұсынды. 2024 жылы жобаның бірінші фазасы іске қосылып, нәтижесінде 215 мың тонна конденсат пен 290 млн текше метрге жуық газ өндірілді. Барлық ұңғымалар толықтай іске қосылғанан кейін тәуліктік өндіріс көлемі 1,5 млн текше метрге, ал жылдық өндіріс 500 млн текше метрден асады деп күтілуде.
Өндірілген шикізаттың бір бөлігі сұйытылған көмірсутек газы ретінде өңделіп, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына жеткізіледі. Бұл өңірдің тұрақты энергиямен қамтамасыз етілуіне оң ықпалын тигізуде.
Кеңес қорытындысы бойынша А.Хасенов атқарылған жұмыстарды жоғары бағалап, 2025 жылы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді және кен орнын игеруді жалғастыруды тапсырды.