«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ компаниялар тобы кәсіпорындары арасында бірінші қысқы спартакиада
23.02
2025 жылғы 21-23 ақпан аралығында Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында қысқы спартакиада өтті. Бұл шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.
Спартакиадаға холдингтің түрлі кәсіпорындарынан 400-ден астам қызметкер қатысып, өздерінің спорттық шеберліктері мен командалық рухын көрсетуге мүмкіндік алды.
Жарыстар аясында 21-23 ақпан күндері «Barys Arena» мұз айдынында хоккей матчтары өтсе, 23 ақпанда Астана саябағында шаңғы жарыстары ұйымдастырылды.
Ерлер арасында, 40 жастан асқандар санатында, 2,5 км қашықтықтағы шаңғы жарысына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның өкілі, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС қызметкері Бауржан Бисенғалиұлы қатысып, 8-орынға ие болды. Оның бұл жарысқа қатысуы мен көрсеткен нәтижесі белсенді өмір салты мен корпоративтік спорттық дәстүрлерге деген ұстанымын көрсетеді.
Бұл спартакиада компаниялар тобының қызметкерлері үшін маңызды оқиғаға айналып, ішкі корпоративтік мәдениетті нығайтуға және спортты кеңінен насихаттауға зор үлес қосты.