Мемлекет басшысының қолданыстағы бастамасына сәйкес, «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясын іске асыру аясында 2026 жылғы 25 сәуірде «Урал Ойл энд Газ» ЖШС ұжымы жалпыкорпоративтік сенбілікке белсенді қатысты.
Сенбілікке «Урал Ойл энд Газ» ЖШС мен мердігерлік ұйымдардың 40-тан астам қызметкері қатысып, Январцево ауылынан бастап Чинарев мұнай-газ кен орнының БӨП-іне (бақылау-өткізу пункті) дейінгі аумақты, сондай-ақ №10, №12, №21, №23, №26 ұңғымалар маңын және оларға іргелес жатқан жеке меншік иелерінің жерлерін қоқыстан тазартты.
Сонымен қатар, Бәйтерек ауданының бүкіл аумағы бойынша (Переметное, Январцево, Сұлукөл, Широв ауылдары және т.б.) 3250 түп ағаш отырғызылды.