Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

"Урал Ойл энд Газ" ЖШС басшылығы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының отырысына қатысты

29.05
"Урал Ойл энд Газ" ЖШС басшылығы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының отырысына қатысты

2024 жылғы 29 мамырда "Урал Ойл энд Газ" ЖШС басшылығы өңірдің жер қойнауын пайдаланушыларын әлеуметтік инвестициялық жобалар бойынша тыңдау шеңберінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының отырысына қатысты. Есеп беру кездесуі барысында компания 2023 жылы келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына 184,6 млн.теңге бағытталғанын, 1,5 млрд. теңге сомасына салықтар мен төлемдер төленгенін және өңірдің 43 студентін есептеу техникасы, мұнай-газ ісі, сәулет, электр энергетикасы, педагогика және басқа да мамандықтар бойынша оқыту қаржыландырылғанын атап өтті. 2024 жылы "Урал Ойл энд Газ" ЖШС осы бағытта жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, отырыста инфрақұрылымды жақсартуға және жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық бастамалар талқыланды. "Урал Ойл энд Газ" ЖШС өңірдің тұрақты дамуына және ұзақ мерзімді инвестициялауға міндеттенетінін білдіреді.

Тізімге оралу