2025 жылғы 4 сәуірде «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-да Геология және игеру департаментінің қызметкерлерін Геологтар күнімен құттықтау рәсімі өтті. Компания басшылығы олардың кәсіби деңгейіне, өз істеріне адалдығына және жобаның дамуына қосқан зор үлесіне шынайы ризашылығын білдірді.
Дәл осы геолог мамандардың білімі мен қажырлы еңбегінің арқасында кен орындары игеріліп, компанияның стратегиялық мақсаттары сәтті жүзеге асырылуда. Осыған орай аталмыш мереке аясында әріптестерге естелік сыйлықтар табысталып, ортақ жетістіктерге жетудегі геологтардың маңызды рөлі ерекше атап өтілді.
Компания басшылығы Геологтар күні кәсіби мерекесін жаңа мазмұнмен және тың форматтармен толықтыра отырып, жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдыру бастамасын көтерді.
Компания әрбір қызметкерін бағалайды және олардың жауапкершілігіне, бастамашылдығына, кәсіби шеберлікке ұмтылысына шын жүректен алғыс білдіреді.