2025 жылғы 14-20 наурыз аралығында «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-де Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Осы күндері қызметкерлер көктемгі жаңару мен халықтық дәстүрлердің ерекше атмосферасына бөленді.
Мерекелік бағдарлама:
Ұлттық киімдер байқауы – жеңімпаздар «Үздік әйелдер киімі» және «Үздік ерлер киімі» номинациялары бойынша анықталды.
Ұлттық ойындар – асық ату, арқан тарту.
Мерекелік дастархан – 14 және 20 наурызда ұйымдастырылып, әріптестер өз қолымен әзірлеген дәстүрлі тағамдардан дәм татты.
Ұлттық киімдер байқауы
20 наурыз күні Наурыз мейрамы қарсаңында өткен ұлттық киімдер байқауы мәдени әртүрліліктің айқын көрінісіне айналды. Байқауға 22 ерекше костюм ұсынылып, олардың барлығы креативтілігі мен ұлттық нақышымен ерекшеленді.
Жеңімпаздар ашық дауыс беру нәтижесінде анықталды:
Үздік әйелдер киімі:
1 орын – Альсеитова Марал
2 орын – Казиева Сауле
3 орын – Хафизова Айнұр
Үздік ерлер киімі:
1 орын – Лесбек Абай
2 орын – Мәлік Шотанов
3 орын – Дидар Серғазиев
Ұлттық ойындар жарысы
Асық ату мен арқан тарту бойынша жеңімпаздар анықталды:
Асық ату:
1 орын – Әділжан Қабылғалиев
2 орын – Руслан Маханов
3 орын – Дидар Серғазиев
Арқан тарту:
1 орын – №1 команда
«Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің Бас директоры Имандосов Аман Ғалымжанұлы салтанатты түрде жеңімпаздарға марапаттарын табыстады.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және белсенділік танытып, шығармашылық көзқарас білдіргендері үшін алғысымызды білдіреміз!