Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС командасы 25-ші «Денсаулық» спартакиадасы аясында водейболдан жарысқа қатысты

29.03
«Урал Ойл энд Газ» ЖШС командасы 25-ші «Денсаулық» спартакиадасы аясында водейболдан жарысқа қатысты

2025 жылғы 29 наурызда «Энергия» фитнес-орталығының спорт залында 25-ші «Денсаулық» Спартакиадасы аясында волейболдан жарыс өтті. Турнирге «Альянс», «Интек-УНГГ», «Конденсат», «Нафта», «Урал Ойл энд Газ» және «Энергетик-Аксай» командалары қатысты.

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС атынан: Бисенғалиұлы Бауыржан, Горлов Павел, Зайнуллин Әли, Садықова Айнұр, Садықов Бауыржан, Сарамбетова Саида және Шотанов Мәлік қатысқан болатын. Спортшылар аралас құрамда сайысқа түсіп, жоғары шеберлік, командалық рух және жеңіске деген жігер танытты.

Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтіп, үздік ойыншылар финалдық кезеңге жолдама алды. Қызу тартыс барысында «Урал Ойл энд Газ» командасы «Интек-УНГГ» ұжымын 2:1 есебімен ұтып, алғашқы жеңіске ие болды. Алайда келесі айналымда турнирдің күміс жүлдегері атанған «Альянс» командасынан ұтылып қалды.

Жарыс қорытындысы бойынша «Урал Ойл энд Газ»  ЖШС командасы төртінші орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

«Денсаулық» Спартакиадасы – салауатты өмір салтының жаршысы ретінде  спорттық дәстүрлерді дамытуға, командалық рухты нығайтуға және кәсіпорын қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосады. «Урал Ойл энд Газ» ЖШС осындай бастамаларды қолдап, қызметкерлерін спорттық шараларға қатысуға ынталандырады және белсенді өмір салтын дәріптейді.

Тізімге оралу