Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің коммерциялық директоры болып Қайрат Казимов тағайындалды

30.06
«Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің коммерциялық директоры болып Қайрат Казимов тағайындалды

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС Қайрат Казимовтың компанияның коммерциялық директоры лауазымына тағайындалғанын хабарлайды.

Қайрат Казимов – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан техникалық университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол өзінің кәсіби қызметін 2006 жылы бастап, мұнай-газ саласында 17 жылдан астам еңбек өтіліне ие.

Өзінің еңбек жолында Қайрат Казимов халықаралық деңгейдегі бірқатар ірі компанияларда инженерлік және басшылық қызметтер атқарған. Атап айтқанда, Baker Hughes компаниясында инженер, Expro Eurasian LTD ұйымында инженер, сондай-ақ Fortess-Energy компаниясының құбыр операциялары бөлімінде өндіріс бойынша үйлестіруші болып еңбек еткен.

«Урал Ойл энд Газ» ұжымы Қайрат Казимовты жаңа қызметінде құттықтап, оның компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге сүбелі үлес қосатынына сенім білдіреді.

Тізімге оралу