2025 жылғы 22 ақпанда «Энергия» фитнес-орталығының спорт залында «Конденсат» компаниялар тобы қызметкерлері арасында дәстүрлі 25-ші «Денсаулық» спартакиадасы аясында үстел теннисінен жарыстар өтті. Бұл бәсекеде түрлі кәсіпорындардың командалары қатысып, олардың қатарында «Урал Ойл энд Газ» ЖШС өкілдері де болды.
Компания атынан Асанов Азамат, Қожамұратов Мади, Ермұханбетова Күнсұлу және Доспаева Гүлнар қатысқан болатын. Спортшылар ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей санаттарда өнер көрсетіп, жоғары шеберлік пен нағыз спорттық рух танытты.
Жарыс айналмалы жүйе бойынша өткізіліп, ал ең үздік ойыншылар финалдық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша «Урал Ойл энд Газ» ЖШС командасы 4-орынға ие болды.
«Денсаулық» спартакиадасы қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және корпоративтік бірлікті нығайту мақсатында өткізіліп отырады.