2025 жылғы 14 наурызда «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-де Көрісу күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн – бірлік пен сыйластықтың, достық пен келісімнің, ізгі қарым-қатынастардың нышаны. Компания қызметкерлері ұлттық дәстүрге сай бір-бірін жылы қарсы алып, ізгі тілектерін білдіріп, құшақ жайып амандасты.
Мерекеге орай компания ұжымы Наурыз мейрамын қарсы алуға дайындықты бастап кетті.
Қызметкерлер ерекше белсенділік танытып, әріптестеріне ұлттық тағамдар – Наурыз-көже, қазы-қарта, жал-жаядан дастархан дайындап, қымыз бен шұбат ұсынды. Компания басшылығы ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, молшылық, бақ-береке және өркендеу тіледі.
Көрісу күні – бұл жаңару мен достық байланыстарды нығайтудың белгісі болса, Наурыз мейрамы – жаңа бастамалардың уақыты. «Урал Ойл энд Газ» ЖШС баршаңызды осы айтулы күндермен шын жүректен құттықтап, татулық, мол бақыт және толағай табыс тілейді!